Елордада Астана күні қалай тойланады?
Anyqtime.kz хабарлағандай, Астана күніне орай Елордада қандай іс-шаралар өтетіні белгілі болды.
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 шілдеге дейін "Құралай" атты IV Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді.
Аталған шараға Англия, Австрия, Қытай, Түркия, Грузия, Испания, Тайланд, Өзбекстан елдерінен және Қазақстанның өңірлерінен театр ұжымдары қатысуда.
Ерлер мен әйелдер арасында өтетін Бокстан Әлем кубогы Ж. Ушкемпиров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр және 6 шілдеге дейін жалғасады.
2 шілдеде Паралимпиадалық жаттығу орталығында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында тоғызқұмалақ пен шахмат турнирлері өтті.
3 шілдеде Есіл өзенінің жағалауында "JazzVIBE" концерті өтсе, Паралимпиадалық орталықта мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында алғашқы қалалық спартакиада ұйымдастырылады.
Сол күні Б. Саттарханов атындағы спорт кешенінде "Сарайшық" ауданы ұйымдары арасында волейбол турнирі өтеді.
3–5 шілде аралығында Beeline Arena спорт кешенінде қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді.
4 шілдеде Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Аялаған Астана" атты мерекелік концерт, ал "Жастар" сарайында "Менің мамандығым – мақтанышым" атты қалалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Сондай-ақ осы күні Бейбітшілік және келісім сарайында "Асыл мұра" атты мерекелік концерт өтеді. Оған еліміздің үздік әншілері, күйшілері мен жыршылар қатысады.
"Ғашықтар" саябағында "Астана сақасы" атты асық ату турнирі ұйымдастырылады.
"Нұржол" бульварында "Асқақтаған Астана!" атты Домбыра party,
"Жетісу" саябағында "QALA FEST" фестивалі және кітап жәрмеңкесі өтеді.
Сол күні "Ғашықтар аллеясында" зейнеткерлер арасында шахмат турнирі және асық ату жарысы өтеді.
Сондай-ақ Байқоныр ауданының коммуналдық қызметкерлері арасында мини-футбол турнирі болады.
Абай даңғылы бойында орналасқан "Коммуналшылар" скверінің ашылу салтанаты өтеді.
5 шілдеде Триатлон саябағында күрес фестивалі мен автожарыс өтеді.
Сол күні Есіл өзенінің жағалауында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
5 шілдеде сондай-ақ "Ғашықтар", "Жетісу" және "Жерұйық" саябақтарында үрмелі аспаптар оркестрлерінің өнер көрсетуі жоспарланған.
Фестивальдің жабылуы 6 шілдеде "Қазақ елі" алаңында өтетін гала-концертпен аяқталады.
5–6 шілде күндері Орталық саябақта "Мерекелік саябақ" атты отбасылық демалыс фестивалі өтеді.
Сол күндері "Қалалық перформанстар фестивалі" де ұйымдастырылады.
А. Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры
"Армандар орындалады" спектаклін 5–6 шілде күндері қояды.
Сондай-ақ "Жастар", "Наз", "Қанаттылар" театрларында, Жас көрермендерге арналған музыкалық театрда және М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында да жоспарланған қойылымдар өтеді.
6 шілдеде "Астана-Арена" стадионының аумағында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік OPEN AIR концерт өтеді,
ал "Қазанат" ипподромында — "Елорда кубогы" атты бәйге түрлері бойынша турнир ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, осы күні басқа да көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған.
7 шілдеде Амфитеатр сахнасында "Алтын домбыра" мектебінің 400 оқушысы қатысатын мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.
8 шілдеде сол сахнада "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Байқоныр ауданында Ахмет Жұбанов көшесінде жаңа сквердің салтанатты ашылуы өтті.