Қазақстанда валюта бағамы қалай өзгерді?
Фото: pexels

Қазақстанда валюта бағамы қалай өзгерді?

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 4 шілдеде сағат 15:30-дағы жағдай бойынша шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы – 519,51 теңге, бір тәулікте өзгеріссіз қалды.

Рубль бағамы – 6,59 теңге (+0,0083).

Таңғы сауда-саттық кезінде қытай юанінің орташа өлшенген бағамы – 72,57 теңге (+0,09).

Еуро бойынша сауда-саттық жүргізілмеді, ресми бағамы – 613,43 теңге.

 Валюта айырбастау пункттерінде:

АҚШ долларын сатып алу/сату – 520–521,7 теңге,

Еуро – 608,5–613 теңге,

Рубль – 6,5–6,6 теңге аралығында жүргізіліп жатыр.

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы төмендеуде.
Бұған дейінгі сессияның қорытындысынан кейін бағаның құлдырауы байқалды.

Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,94%-ға төмендеп, барреліне 68,15 АҚШ долларын құрады.

West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,85%-ға арзандап, барреліне 66,43 доллар болды.

Таңертеңгі сессияда Ұлттық банк бекіткен ресми бағамдар:

Доллар – 519,57 теңге,

Еуро – 612,78 теңге,

Рубль – 6,61 теңге,

Юань – 72,56 теңге.

4 шілде күнінің бірінші жартысында айырбастау орындарында шетел валюталарының сатып алу және сату бағамдарын мына жерден көруге болады.