Елордадағы бір көпірде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: pexels

Елордадағы бір көпірде көлік қозғалысы шектеледі

Астанада Арыс көпірі жартылай жабылады, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Елорда әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған көпірде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты 2025 жылғы 7 шілдеден 16 шілдеге дейін аталмыш учаскеде көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да кезең-кезеңімен көпірдің бір жағымен ұйымдастырылады», – деп хабарлады  4 шілде күні.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен бағыттауыштар орнатылады.

Бұған дейін астаналық такси жүргізушілері арнайы автобус жолағымен жүру құқығы үшін мәжбүрлі төлемдер барын мәлімдеген еді. Жекеменшік тасымалдаушылардың айтуынша, олар ірі таксопарктердің өкілдеріне ай сайын 15 мың теңгеге дейін ақы төлеуге мәжбүр.