"Опасыздық жасадым": Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жары жан сырын ақтарды
Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат Instagram парақшасында жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтпаған шындығымен бөлісті, деп жазады Anyqtime.kz тілшісі alash.kz-ке сілтеме жасап.
Ол отбасылы болған кезінде күйеуінің талабымен кей әрекеттерге еркін түрде бармағанын айтып, сол сәтті бүгінде өкінішпен еске алатынын жеткізді.
"Бір кездері ажырасқан құрбыларыммен араласуды тоқтатуға мәжбүр болдым. Себебі жұбайым оларға жоламауымды талап етті. Ол маған таңдау қойды: 'Мен бе, әлде олар ма?' Мен оны таңдадым. Бірақ ол сәтте мен өз болмысыма опасыздық жасадым", – дейді Ляйсира.
Кейін ажырасқан соң, бұрынғы құрбыларымен қайта байланыс орнатып, олардан кешірім сұрағанын да жасырмады.
"Бұрынғы достарым еркін өмір сүріп, өздерін қайта тапты. Сол кезде мен оларға опасыздық жасағанымды түсіндім. Қазір біз қайта араласып, шынайы қарым-қатынасымызды қалпына келтірдік", – деп жазды ол.
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, әйел еркіндігі мен отбасындағы шекаралар туралы пікірталастың жаңа толқынын туғызды.