Әнші Меруерт Түсіпбаева «мемлекеттен алған марапатым бар» деп өз пікірін қорғағысы келді, алайда бұл сөзі желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы.
Әлеуметтік желіде тарған бұл бейнежазбада әншіге қандай сұрақ қойылғаны белгісіз.
«Мен өз ойымды ашық айтуға құқылымын. Мен – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерімін. Бұл атақты президенттің өзі қол қойып берген. Ол атақ – "Халық әртісімен" тең», – деген Түсіпбаева өзінің еңбегін алға тартты.
Алайда әлеуметтік желіде бұл пікірге қарсы жазбалар қаптады. Көпшілік «Мемлекетке қандай еңбегі сіңді сонша?», «Атақ бар екен деп әркімге тиісу керек пе?», «Жасы келген сайын мінезі қиындап бара ма?» деген секілді сыни пікірлер қалдырды.
Меруерт Түсіпбаева бұған дейін де әлеуметтік желіде ашық мәлімдемелерімен көзге түскен. Бұл жолғы сөзі де қоғам назарынан тыс қалмады.
Айта кетейік, күні кеше ғана өнер саласындағы танымал тұлғалар — әнші Меруерт Түсіпбаева мен продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде пікір қайшылығына тап болған еді.