«Бәрімізде ауыз бар»: Бағым Мұхитденова әпкесін сынаған Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді
Фото: коллаж Sn.kz

«Бәрімізде ауыз бар»: Бағым Мұхитденова әпкесін сынаған Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді

Белгілі композитор әрі продюсер Бағым Мұхитденова әпкесі Баян Алагөзоваға қатысты айтылған сынға үн қатты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде әнші Меруерт Түсіпбаеваның Баян Алагөзованы қазақ тілін білмейді деп сынаған пікірі қызу талқыланған. Бұл сөзге қатысты Баянның сіңлісі Бағым Мұхитденова қысқаша, бірақ салмақты жауап берді.

«Айтатын болсақ, бәрімізде ауыз бар. Бірақ маған әке-шешемнен ақылдылық дарыған. Біз сөйлемейміз, іспен көрсетеміз», – деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бағымның бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында екі түрлі көзқарас тудырды. Бірі оның сабырлы жауабын қолдаса, енді бірі – көпшілік алдында жүрген адамның пікір білдіруге құқылы екенін алға тартты.