«Жігіт уәдесінде тұрмады»: Мақпал Жүнісова уәдесінде тұрмаған жігітке ренжіді
Шымкенттегі тойдан кейін ұшағына үлгермей қалған әнші Мақпал Жүнісова өзіне уәде берген азаматтың сөзіне сеніп қалғанына өкінетінін айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жігіт уәдесінде тұрмады»
Мақпал Жүнісова Шымкентке тойға барған. Оның айтуынша, сол жақтағы бір жігіт "ертең такси шақырмаңыз, өзім шығарып салам" деп уәде берген. Алайда сол адам белгіленген күні телефонын көтермей қойған. Соның кесірінен әнші өз бетінше такси шақырып, әуежайға кеш жеткен. Ұшаққа үлгермей қалғанын әнші видео арқылы өзі жеткізді.
«Минус» екі той
«Бүгін алдын ала келісіп қойған Алматыда екі тойым бар еді. Бірақ амал нешік, бара алмаймын. Ақшаларын қайтарып берем. Осындай жағдайға қалдырдыңдар ғой» – деді Мақпал Жүнісова. Ол Шымкент жігіттерінің уәдеде тұрмағанына реніш білдіріп: «Жігіттер, бұларың дұрыс болмады. Қатырдыңдар!» – деді
Оқырман реакциясы
Желі қолданушыларының бір тобы Мақпал Жүнісованы қолдап, уәдеде тұрмаған ер азаматты сынға алған. Ал енді біреулері әр адам өз жоспарын алдын ала реттеп алуы керек еді деген пікір қалдырған.