Айтыскер ақын әрі кәсіпкер Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде өзіне тән қалжыңмен бөліскен жазбасымен жұртты біраз әбігерге салды, деп жазады Anyqtime.kz тілшісі Politico.kz сайтына сілтеме беріп.
Белгілі болғандай, Айнұр ханым Instagram парақшасында "өте қорқынышты жағдай" болғанын айтып, көпшіліктің назарын аударған.
«Кеше өте бір қорқынышты жағдай болды… Есіме түссе әлі жүрегім тарсылдап кетеді», – деп бастаған жазбасын оқығандар түрлі жорамалдар жасай бастаған.
Оқырмандар не болғанын нақтылағанда, оқиғаның астары мүлде күтпеген жерден шықты: Тұрсынбаеваның құрбысы Қайша Керейдің мысығы үйден шығып кетіп, жоғалып кете жаздапты.
Жазбаның соңында бәрі қалжың екенін түсінген желі қолданушылары еріксіз күлкіге қарық болды. Кейбіреулер тіпті "осындай жағдайды да драмаға айналдыра алатын адам тек Айнұр Тұрсынбаева ғана шығар" деп пікір қалдырған.