Интернет адамды ақымаққа айналдыра ма? Ғалымдардың жауабы
Карнеги-Меллон университетінің американдық ғалымдары интернетте іздеу кезінде ми шабуылы барысында ұсынылған идеялардың оригиналдығы төмендейтінін анықтады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Бұл зерттеу Memory & Cognition (M&C) ғылыми журналында жарияланды.
Зерттеу тобы екі топ еріктілерге қолшатырлар мен қалқандарды қолданудың ерекше тәсілдерін ойлап табуды тапсырды. Бір топқа іздеу жүйелерін пайдалану рұқсат етілсе, екінші топқа ғаламторға кіруге тыйым салынды. Интернетке қолжетімді тобы бірдей және стереотипті жауаптар беруге бейім болса, екінші топ ерекше және тың идеялар ұсынған.
Ғалымдар бұл құбылысты «фиксация эффектімен» түсіндіреді — интернеттен алынған дайын шешімдер көзқарасты тарылтып, шынайы инновациялық ойлар туғызуға кедергі жасайды.
Зерттеушілер интернетті толықтай қолданбаудан бас тартуды ұсынбайды, бірақ алғашқы ми шабуылын іздеу жүйелеріне жүгінбей өткізуге және адамның дара ойлау қабілетін бағалауға кеңес береді.
Зерттеудің бірлескен авторы Марк Паттерсонның сөзінше,
«Интернет бізді ақымақ етпейді, бірақ оны дұрыс пайдалану маңызды».