Мөлдір Мұқанова сері жігіттен гүл алып, сөзіне жауап берді
Продюсер әрі танымал әзілкештің жары Мөлдір Мұқанова бейтаныс ер адаммен түскен видеосын жариялап, жұрт назарын өзіне аударды, деп жазды Anyqtime.kz.
«Мәңгілік және адал отбасы»
Instagram парақшасында Мөлдір бейнежазба жариялады. Кадрда оның жанында белгісіз ер азаматтың бары байқалады. Бейтаныс жас жігіт Мөлдірге «Сіз үшін бақытты отбасы деген не?» деген сауал қойға. Өз жауабында Мөлдір «Мәңгілік және адал отбасы» деп жауап қайтарды.
Бейнежазбадан қарт әже мен атаның бақытты сәттерін де байқауға болады. Бұл бейнежазбаның мазмұны мен Мөлдірдің жауабын ескере отырып, ол бақытты отбасы деген не деген сұраққа шағын бейнежазба арқылы жауап айтқанын байқауға болады.
Желі қолданушылары екіұдай пікір білдірді
Көпшілік бұл жазбаны жеке өміріндегі өзгеріспен байланыстырды. «Кеткен еркек оралмайды, Мөлдір», «Бақытты болуға лайықсың», «Жарайсың, өзің адал болдың, соны көтере алмаған адам өз кінәсін өзі түсінеді», — деп жақтағандар да, «Ырбаң-ырбаң етіп жаңа адаммен жүргенше, бір қалыпты өмір сүрген жақсы емес пе?», «Қайраттың қатыны енді екіқабат, мынау соның орнын басқысы келгендей» деп сын айтқандар да табылды.
Бірқатар желі қолданушысы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың өзге біреуге көңіл бұрды деген ақпаратқа сенбейтінін жазған. «Мен Тұрсынбектің басқа әйелге қарады дегенге сенбеймін», — деп пікір қалдырғандар да бар.