Астанадағы АҚШ елшілігі мүліктерін сатуға шығарды - неге?
Фото: 2gis.kz

Астанадағы АҚШ елшілігі мүліктерін сатуға шығарды - неге?

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі артық жылжымалы мүлкін сатылымға шығарды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Онлайн-аукционда 2011 жылғы екі Mitsubishi L-200 көлігі сатылымға қойылады.

Аукционда сатылған көліктер тек төлем жасалып, беру рәсімі орындалғаннан кейін ғана тапсырылады. Бұл процесс шамамен 1–1,5 ай уақыт алады.

Сондай-ақ сатылымға екі теңіз контейнері (20 және 40 футтық), кітап сөресі мен екі кресло, Xerox Color көшіру құрылғысы және IT-жабдықтар (мониторлар, принтерлер, үздіксіз қуат көздері) шығарылған.

Фото из online-auction.state.gov

«Барлық тауарлар "қандай күйде болса, сол күйінде" сатылады, ешқандай кепілдік берілмейді және ақша қайтарылмайды. Ставка жасамас бұрын, "Қалай жұмыс істейді" бөліміндегі барлық ақпаратты мұқият оқып шығуыңызды қатты ұсынамыз», – делінген хабарламада.

Фото из online-auction.state.gov

Онлайн-аукцион 19 мамыр күні сағат 09:00-де басталып, 23 мамыр күні сағат 17:00-де аяқталады.

Елшілік не үшін аукцион өткізеді?

АҚШ Елшілігі жыл сайын өз қызметіне қажетсіз болып қалған немесе ескірген мүлікті сату үшін осындай аукциондар өткізеді. Бұл — бүкіл әлемдегі АҚШ елшіліктерінде қолданылатын стандартты тәжірибе. Мұндай сатылымдардың мақсаты – ресурстарды тиімді басқару, жабдықтарды жаңарту және ескірген заттарды сақтау мен күтіп ұстауға кететін шығындарды азайту. Түскен қаражат әдетте елшіліктің қажеттіліктеріне немесе АҚШ Мемлекеттік департаментінің бюджетін толықтыруға жұмсалады.

Мысалы, 2017 жылы АҚШ Елшілігі Астанада әртүрлі заттар, техника және көліктерді аукционға қойған болатын.