Ресей Президенті Владимир Путин Әзербайжанмен арадағы қарым-қатынасты тұрақтандыру үшін шұғыл тапсырма бергені белгілі болды. Бұл туралы Ресейдің арнайы қызметтерімен байланысы бар VÇK-OQPU Telegram арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Баку мен Мәскеу: араағайындық ұсынысы
Ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта Мәскеуде арнайы делегация жасақталып жатыр. Олар таяу уақытта Әзербайжанға аттануы мүмкін.
Кремльдің басты мақсаты – екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңдету. Тіпті Ресей тарапы Әзербайжанға тұтқындарды алмастыру туралы ұсыныс жасауы ықтимал делінген.
Қарсыласудан келіссөзге бет бұру ма?
Сарапшылар мұны Ресей тарапының оңтайлы дипломатиялық шешім іздеген қадамы ретінде бағалап отыр. Ал нақты қандай тұтқындар туралы сөз болып жатқаны әзірге белгісіз.
Ресми Баку тарапынан бұл ақпаратқа байланысты әзірге түсініктеме берілген жоқ.