Блогер Елдос «Колобок» гендер-пати жасап, көпшілікті қуантты

7 шілде, 2025 / Ақбер Қуаныш
Фото: instagram.com/eldos_kalabok

Бірнеше жылдан бері сәбилі болуды армандап жүрген танымал блогер Елдос, әлеуметтік желіде гендер-пати өткізіп, алғаш рет әке атанатынын жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

«Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз», – деп жазды блогер Instagram парақшасында.

Жарияланған видеода Елдостың ұлды болатыны анық көрінеді. Желі қолданушылары бұл қуанышты жаңалықты жылы қабылдап, бір сағатқа жетпей 60 мыңға жуық пікір қалдырған.

Оқырмандар мен жанкүйерлер Елдосқа ақ тілектерін жаудырып, ұзақ жылдық үміттің орындалғанына ортақтасып жатты.

Тэгтер:

гендер пати Елдос колобок