Ләйлә Сұлтанқызы Елдостың әке атануына қалай үлес қосты?
Суретте Ләйлә Сұлтанқызы Елдос пен Таңшолпанмен бірге. Әлеуметтік желіден

Ләйлә Сұлтанқызы Елдостың әке атануына қалай үлес қосты?

Блогер "Колобоктың" әке атанғаны туралы жаңалық тараған соң, көпшілік оған демеу болған адамды іздей бастады. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұл оқиғада тек демеу емес, бастамашы да болғанын айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Бірінші әрекет сәтсіз болған. Бірақ блогер Елдос ақыры әке атанды. Бұл қуанышқа себепші – Ләйлә Сұлтанқызы.

«Әйеліне өзім жаздым»

Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, олар бұған дейін "Мариям" қорымен бала сүйе алмай жүрген танымал жұптарға көмек көрсетуді жоспарлаған. Елдос пен жары сол тізімде болған.

«Басында өздері сенбеген шығар. Әйеліне өзім жаздым. Қайта байланысқа өздері шыққанша бірнеше ай өтті», – деді ол.

«Клиника артқы есігінен кіргіздік»

Тележүргізуші бұл процестің қалай өткенін де бүкпесіз баяндады. Құпия түрде, ешкімге көрсетпей клиникаға жеткізіп, толықтай дайындық жүргізілген. Бірақ алғашқы талпыныс нәтиже бермеген.

«Жаратқанға шүкір, ақыры сәбилі болды. Менің де септігім тигеніне қуанам», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Көпшілік не дейді?

Желі қолданушылары Елдостың әке атанғанын қуанышпен қарсы алып, Ләйлә Сұлтанқызына ризашылық білдіріп жатыр. Ал кейбірі «мұндай көмектің жарнамаға айналмауы керек» деп ескерту жасаған.

Бұл оқиға біреуге үміт, біреуге үлгі. Бастысы – балалы болуды армандаған отбасының тілегі орындалды.