Сыбайлас жемқорлықпен күреске жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы.
Антикор мен ҰҚК біріктірілді
Бұған дейін Мемлекет басшысы "Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойып, елдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Антикор) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына қосу туралы шешім қабылдаған болатын.
Жарлыққа сәйкес:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қайта ұйымдастырылып, ҰҚК құрамындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды;
Бұған дейінгі агенттіктің бірқатар функциясы мен өкілеттігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Бұл құрылымдық өзгеріс жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және мемлекеттік бақылау жүйесін ықшамдау мақсатында жүзеге асырылып отыр.