«Сәбидің иісіне мас боламыз» – Айқын әке атанатынын мәлімдеді
Эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиева отбасында тағы бір сәби күтіп жүргендерін хабарлады. Қуанышты жаңалықты Айқын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Anyqtime.kz.
«Алланың ерекше сыйы – тағы да әке атанғалы отырмын. Құдай қаласа, бесінші баламыз дүниеге келеді. Таңғы тәтті ұйқыны ұмытып, сәбидің иісіне мас боламыз. Бұл – біз үшін үлкен бақыт. Сіздерге де жұғысты болсын!» – деп жазды әнші.
Сонымен қатар, Айқын желідегі жазбасында көпбалалы әке ретінде қандай жеңілдіктер қарастырылғанын сұрады.
«Айтпақшы, көпбалалы әке ретінде қандай жеңілдіктер бар екен? Қоғамдық көлік тегін бе, жәрдемақы қалай болады?» – деп сауал тастады ол оқырмандарына.
Еске сала кетейік, Айқын мен Жұлдыз Өмірғалиева бұған дейін төрт баланың ата-анасы атанған болатын.