Елдің кей бөлігінде жауын-шашын, оңтүстікте аптап ыстық сақталады
Қазгидромет 9 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің бірнеше аймағында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Anyqtime.kz порталы.
Астанада бұлтты ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай болжанған. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнгі температура +20…+22°C, күндіз +30…+32°C.
Шымкентте жауын-шашынсыз, жел секундына 8-13 м. Түнде +22...+24°C, күндіз +35…+37°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде +21...+23°C, күндіз +32...+34°C.
Ақтөбеде ашық ауа райы, жел 5-10 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +30…+32°C.
Атырауда жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +35…+37°C.
Жезқазғанда күн ашық, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнгі температура +13..+15°C, күндіз +23...+25°C.
Көкшетауда жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с. Түнде +11...+13°C, күндіз +23…+25°C.
Қонаевта жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 18 м/с-қа дейін. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +26…+28°C.
Қызылордада ашық ауа райы, жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Түнгі температура +20...+22°C, күндіз +34…+36°C.
Павлодарда жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +23…+25°C.
Петропавлда жаңбыр мен найзағай, жел 9-14 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +21…+23°C.
Семейде жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с, екпіні 18 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +32…+34°C.
Таразда күн ашық, жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с. Түнде +21...+23°C, күндіз +34…+36°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Түнгі температура +22...+24°C, күндіз +36...+38°C.
Оралда жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +31…+33°C.
Өскеменде жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с, екпіні 18 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +25…+27°C.