Ыстықта кофеин неге қауіпті?
Фото: pixabay.com

Ыстықта кофеин неге қауіпті?

Ыстықта "кола, шай мен кофені" шектеу немесе олардан мүлде бас тарту керек, өйткені олардың құрамында кофеин бар, деп хабарлайды Anyqtime.kz


Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты В. П. Сербский атындағы психиатрия және наркология ұлттық ғылыми орталығының филиалы – Ұлттық наркология ғылыми орталығының директоры Татьяна Клименко мәлімдеді.

"Себебі – олардың құрамында кофеин бар, ал ол зәр шығаруды күшейтеді, бұл өз кезегінде ағзаның сусыздануын арттырады", – дейді Клименко "АиФ" басылымына берген сұхбатында.

Маманның айтуынша, сондай-ақ салқын сусындар ішуге болмайды. Өйткені ондай сусындар суық тиюге, қан тамырларының тарылуына себеп болуы мүмкін, ал бұл жүрекке артық салмақ түсіреді.

"Мен жалпы сұйықтықты тұтынуды азайтуды ұсынамын, өйткені ол бүйрек пен жүрекке түсетін салмақты арттырады", – дейді Татьяна Клименко.

Әрине, ыстықта алкоголь ішуге мүлде болмайды – ол күн өтудің, жүрек ауруларының пайда болу қаупін арттырады.

Не және қалай ішу керек:
Дәрігердің айтуынша, бөлме температурасындағы суды аз-аздан (шамамен 100 мл) жиі ішу керек – ауыз қуысы кеуіп қалғанын сезген сәтте ішкен жөн.