2025 жылғы 9 шілдеде Алматы облысы әкімінің орынбасары Асет Масабаевтың жол-көлік оқиғасына (ЖКО) түскені белгілі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Апат Төңкеріс – Байсерке автожолында орын алған. Облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Жол апатының мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Масабаевтың жағдайына қатысты мәлімет берді.
«Жол апатынан кейінгі науқастың жағдайы тұрақты, ол есін біледі. Алматы облысында белгіленген медициналық хаттамаға сәйкес көмек көрсетіліп жатыр», – делінген ресми ақпаратта.
Маусым айының басында да Алматы облысындағы тас жолда үш көлік соқтығысып, бірнеше адам ауыр жарақат алған болатын.