«11 жыл күттік»: Тамара Асар ерекше тойға қатысты
Суретте әнші Тамара Асар. Фото: Stan.kz

«11 жыл күттік»: Тамара Асар ерекше тойға қатысты

Белгілі әнші Тамара Асар он жылдан аса уақыт сәби иісін аңсаған отбасымен қуанышын бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Сәбиге арнаған уәде

Әншінің айтуынша, бұл отбасы сәби сүю бақытына тек 11 жылдан кейін ғана жеткен. Баланың бір жасқа толу тойында болам деп өзі уәде бергенін жазған. Сол уәдесін ұмытпаған өнер иесі «Тәй-тәй» әнімен той иелерінің қуанышына ортақтасып қайтты.

«11 жыл күткен бөпе, 1 жасқа толып, сол тойға қатысам деп уәде еткен едім өзіме. «Тәй-тәй» әніммен келіп тұрмын», – деп жазды Тамара Асар желідегі парақшасында.

Желі қолданушыларының жылы лебізі

Оқырмандар әншінің бұл әрекетін жүрекке жылу беретін ізгі қадам деп бағалап, пікірлерін жарыса жазды. Бірі: «Нағыз аналық жүрек», десе, енді бірі: «Сіздей адал өнер иелері көп болсын», – деп ризашылықтарын білдірді.

Асардың көпбалалы аналарға қолдауы

Айта кетейік, Тамара Асар бұған дейін де аналар мен көпбалалы отбасыларға рухани және материалдық қолдау көрсетіп жүргенін айтып жүрген болатын. Ол өнер мен аналық махаббатты ұштастырып, үнемі ізгілікті іспен көзге түсіп келеді.