Қоштасу ма, әлде той ма? 103 жастағы әжейдің жаназасында ақша шашқан сәт желіде дау туғызды

Бүгін, 13:43 / Теңіз Тамшыбаев
Видеодан скриншот, монтаж

Әлеуметтік желілерде 103 жасында өмірден өткен кейуананы ақтық сапарға шығарып салу рәсімінен түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме беріп.

Видеодан қаралы жиынға жиналған жұрттың кейуананың жаназасында аспанға ақша лақтырған сәтін көруге болады. Жазба авторы әжесінің 103 жасқа келіп дүние салғанын айтып, өз отбасына да осындай абыройлы ғұмыр мен қадірлі қоштасу бұйырсын деген тілегін білдірген.

Алайда көпшілік бұл әрекеттің орынды-орынсыздығы туралы екіұдай пікірде қалды. Бір топ мұны көнеден келе жатқан салт пен құрметтің белгісі деп түсінсе, енді бірі бұны орынсыз, тіпті қазаны тойға теңегендей әрекет деп қабылдады.

Желі қолданушыларының пікірлері сан қилы:
– «Қазаның аты – қаза, ақша шашу артық»,
– «Алғашында беташар деп ойлап қалдым»,
– «Той сияқты. Қайғыда да көрпені қымтап жатқандар көбейді»,
– «Бұйырсын, ұзақ жас пен абыройлы өлім – нағыз байлық»,
– «Ел ақылынан айырылған секілді» — деп жазды.

Бұл жағдай жаназа рәсімдері мен қоғамдағы өзгерген түсініктер жайлы тереңірек ойлануға итермелейді.

Тэгтер:

103 жас әже жаназа ақша