«Әйелі құтқарып қалған»: Ақтөбе облысында ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Шартты сурет. Фото: freepik.com

«Әйелі құтқарып қалған»: Ақтөбе облысында ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінде шенеуніктің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қатысты ресми пікір айтылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 7 шілдеде болған

Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің мәліметінше, 47 жастағы ауыл әкімі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. «Оны әйелі құтқарып қалды. Қазір өміріне қауіп жоқ. Не себеп болғанын нақты айта алмаймын, бұл — жеке мәселе», — деді аудан басшысы.

Дәрігерлер бақылауында

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен әкімнің жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қосымша мәліметтер жарияланған жоқ.

Қоғам назарында

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мемлекеттік қызметтегі адамдардың психологиялық жүктемесіне назар аудару қажет екенін айтуда.