Тоқаев Швейцариямен қаржылық ықпалдастықты тереңдетуге ниетті
Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мартин Шлегель. Ақорда

Тоқаев Швейцариямен қаржылық ықпалдастықты тереңдетуге ниетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Ұлттық банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдап, екі ел арасындағы қаржылық әріптестікке қатысты маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Президент швейцариялық мамандардың Қазақстан Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері саласында көрсетіп отырған техникалық көмегін жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұл тәжірибе отандық қаржы секторын жетілдіруге ықпал етеді.

Мартин Шлегель өз кезегінде ақша-кредит саясаты мен цифрлық қаржы бағытында екі ел арасындағы диалогты күшейтуге дайын екенін айтты. Тараптар валюта нарығын тұрақтандыру, ұлттық валюталарға сенімді арттыру және цифрлық активтерді дамыту сынды маңызды тақырыптарды да назардан тыс қалдырмады.