«Туған күнімде таныстырамын...»: Блогер Нұрдәулеттің анасы Құралай жайлы көпшіліктің сұрағына жауап берді
Белгілі блогер Нұрдәулеттің анасы ұлының жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Көпшілік арасында қызу талқыланып жүрген мәселе — Нұрдәулеттің актриса әрі продюсер Құралай Анарбековамен қарым-қатынасы. Алайда анасы бұл жайында нақты ештеңе білмейтінін және Құралаймен әлі таныспағанын айтты.
– «Мұндай сұрақтар жиі қойылады. Бірақ ұлым маған: “Үйленетін қызымды туған күніңде таныстырамын” деген еді. Туған күнім өтті, бірақ әзірге ешкімді таныстырған жоқ. Ол енді жас емес, өз шешімін өзі қабылдайтын азамат. Менің міндетім — қандай шешім болса да, қолдау көрсету. Оның атақ-абыройы, мансабы емес, бақытты отбасы құрғаны маңызды», – деді анасы.
Сондай-ақ, болашақ келіннің өз ұлтынан болғанын қалайтынын да ашық білдірді.
– «Өзіміздің дәстүрді, тілді, тәрбиені білетін келін отбасының берекесін арттырады. Сондықтан келіннің қазақ болғанын қалар едім», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұрдәулет пен Құралай Анарбекованың арақатынасы жайлы түрлі болжамдар тараған болатын. Алайда бұл ақпарат ешбір тараптан ресми түрде расталған жоқ.