Испаниялық әйел ерекше коллекциясымен Гиннестің рекордтар кітабына енді

10 шілде, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: guinnessworldrecords

Испаниялық Мария Хосе Фустер әлемдегі ең үлкен жұмыртқа тұғыршаларының коллекциясын жинап, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Гиннестің рекордтар кітабы сайтындағы мәліметке сәйкес, оның коллекциясында 15 485 зат бар. Фустер коллекция жинаумен 50 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Оның жинағында әшекейленген жұмыртқа тұғыршалары мен жануарлар түріндегі тұғыршалар бар. Мысалы, жылқы бейнесіндегі тұғыршалар, сондай-ақ Гарфилд, Супермен және Бетти Буп сияқты кейіпкерлер бейнеленген үлгілер кездеседі.

Марияның коллекциясын 2023 жылдың шілде айында оның туған қаласы Камподағы қоғамдық орталықта көруге болатын. Бұл — Фустер үшін осыншама ауқымды тұңғыш көрме болды.

Қазіргі уақытта оның коллекциясынан 1143 бұйым музейге қойылған.

Бұған дейін Ұлыбританияның 21 жастағы тұрғыны Зара Лаклан бір саяхат барысында бірден үш әлемдік рекорд орнатқан болатын.

Тэгтер:

Гиннестің рекордтар кітабы Мария Хосе Фустер жұмыртқа тұғыршалары