10 шілдеде өткен сауда нәтижесінде доллар тағы құнсызданды

10 шілде, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: Казахстанская правда

2025 жылғы 10 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 518,34 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,56 теңгеге төмен.

Рубльдің орташа бағамы 6,63 теңге деңгейінде сақталды.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы таңертеңгі саудада 72,16 теңгені құрады, бұл 0,13 теңгеге азайды.

Айырбастау пункттерінде долларды 519,3–521,5 теңге аралығында сатып алып/сатуда,
еуро — 608–612 теңге,
рубль — 6,57–6,69 теңге аралығында саудалануда.

10 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеуде.
Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында қыркүйек айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,31%-ға арзандап, баррелі 69,97 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағамдар:

Тэгтер:

Доллар Мұнай Ұлттық банк Еуро Рубль Теңге юань