Қазақстанда ата-аналар балаларына 18 миллиард теңгеден астам қарыз.
Фото: pixabay.com

Қазақстанда ата-аналар балаларына 18 миллиард теңгеден астам қарыз.

Anyqtime.kz тілшісінің хабарлауынша, 2025 жылғы 10 шілдеде ОКҚ-де өткен брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли алимент қарыздарын өндіріп алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Әділет министрлігінің мәліметінше:
13 мыңнан астам атқарушылық іс бойынша қарыз көлемі 18,5 миллиард теңгені құрайды.

"Алименттердің басым бөлігі жұмыс берушілердің бухгалтериясы арқылы ай сайын ұсталып отыр. Сонымен қатар банк шоттарына, мүлікке тыйым салу, елден шығуға уақытша шектеу қою сияқты шаралар қолданылуда. Бұған қоса, Әділет министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің көмегімен борышкерлерді жұмысқа орналастыру жұмыстары да жүргізілуде", – деді Талғат Уәли.

Бұған дейін қазақстандық азамат алимент төлемеу үшін екі елде екі түрлі тұлға ретінде өмір сүргені туралы хабарланған еді.


Ол Ресей Федерациясында жүрген кезінде аты-жөні мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығын және төлқұжатын алған. Алайда құқық қорғау органдары оны анықтап, әшкерелеген.

2025 жылғы 21 сәуірде әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құрудың маңыздылығы туралы пікір білдірген болатын.
Мұндай ұсынысты депутаттар бірнеше рет көтерген. Мәжілісмендердің айтуынша, бұл бастама балалар құқығын қорғауға, яғни алимент төлемей жүрген ата-аналардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.