Дональд Трамп Суперменге айналды
Фото: РБК

Дональд Трамп Суперменге айналды

Ақ үй АҚШ президентінің жаңа бейнесін – Супермен ретінде ұсынды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Тиісті фото 2025 жылдың 11 шілдесінде Ақ үйдің X (бұрынғы Twitter) парақшасында жарияланды.

"Үміттің символы. Ақиқат. Әділет. Америкалық жол. Супермен Трамп", – делінген жазбада.


2025 жылдың мамыр айында АҚШ президенті өзінің "құдайлық миссиясы" туралы мәлімдеген болатын.
Ал 2025 жылдың маусымында Трампты Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты бейбіт реттеуге қатысқаны үшін Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынды.