Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11 шілде, 2025 / Ақбота Сабырхан
Фото: akorda.kz

2025 жылғы 11 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхті Наадам мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.


Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы моңғол халқына өркендеу мен игілік тіледі. Ол бұл мерекенің терең тарихи мағынаға ие екенін және мейірімділік пен ізгілік сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың өзара құрмет пен стратегиялық серіктестікке негізделе отырып, халықтар игілігі үшін әрі қарай нығая беретініне сенім білдірді», – делінген хабарламада.

2025 жылғы 10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трампқа Қазақстан тауарларына қатысты импорттық баж салығын енгізу мәселесіне байланысты хат жолдағаны белгілі болды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Дональд Трамп Ухнаагийн Хүрэлсүх Моңғолия