Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде құлдырады!
10 шілдеде Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Жаңа рейтингке сәйкес, Қазақстан құрамасы бір сатыға төмендеп, 114-орынға жайғасты.
Али Алиевтің шәкірттері FIFA-ның жаңа классификациясында 1165.49 ұпай жинаған. Бұған дейін отандастарымыздың еншісінде 1177.66 балл болған еді.
Әлемдік рейтингтің көшбасшылары өзгеріссіз қалды – алғашқы орында 2022 жылғы әлем чемпиондары Аргентина (1885.36). Одан кейінгі орындарда:
- Испания – 1867.09,
- Франция – 1862.03,
- Англия – 1813.32,
- Бразилия – 1777.69.
Келесі үздік бестікке жақында ғана УЕФА Ұлттар Лигасын жеңіп алған Португалия (1770.53) бастау беріп тұр. Одан кейін:
- Нидерланд – 1758.18,
- Бельгия – 1736.38,
- Германия – 1716.98,
- Хорватия – 1707.51.
Осы арада айта кетейік, кеше екі қазақстандық футбол клубы жаңа еурокубок маусымындағы алғашқы матчтарын өткізді:
"Ордабасы" сырт алаңда Грузияның "Торпедо" клубына 3:4 есебімен жол берді.
Ал "Актобе" Польшаның "Легия" командасына 0:1 есебімен жеңілді.
Бұл қос қарсыласумен өтетін қарымта матчтар 17 шілдеде Қазақстанда өтеді.