Қалтаңызға әсер етпей қоймайды: доллар бағамы қайта көтерілді!
2025 жылғы 11 шілде, 15:30-дағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 520,93 теңгені құрады, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,46 теңгеге жоғарылаған.
Рубльдің орташа өлшенген бағамы да өсіп, 6,67 теңгеге жетті (+0,04 теңге).
Қытай юанінің таңертеңгі саудадағы орташа өлшенген бағамы 72,46 теңгені құрап, 0,29 теңгеге өсті.
Айырбастау пункттерінде:
долларды сатып алу/сату бағасы – 521,3–523,5 теңге аралығында;
еуро – 609–613 теңге аралығында;
рубль – 6,61–6,73 теңге аралығында саудалануда.
11 шілдедегі сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы да өсім көрсетті.
Атап айтқанда, ICE Futures электронды сауда алаңында қыркүйектік Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,47%-ға өсіп, барреліне 68,96 долларды құрады.
Ал NYMEX электронды саудасында тамыз айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,60%-ға қымбаттап, барреліне 66,97 долларға көтерілді.
Ұлттық банк белгілеген ресми валюта бағамы келесідей болды:
- доллар – 518,34 теңге
- еуро – 607,91 теңге
- рубль – 6,66 теңге.