Марқұм Мәдина Ерәлиеваның «ән салып, би билегені» жұртты сүйсіндірді
Фото: Мәдина Ералиев, bugin.kz

Марқұм Мәдина Ерәлиеваның «ән салып, би билегені» жұртты сүйсіндірді

Әлеуметтік желіде әнші Мәдина Ерәлиеваның бұрынғы бейнежазбасы таралып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпараттық агенттігі Politiko порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбаны көрген көпшілік марқұм әншінің талантын еске алып, оның өнері мен өмір жолына қатысты естеліктерімен бөлісті. Комментарийлер арасында «Марқұм апам, жатқан жерің жайлы болсын», «Ой, апатайым-ай, ерте кеттің», «Нағыз ханшайым еді», «Талант» деген сынды сағынышқа толы сөздер жиі кездеседі.

Сонымен қатар кей желі қолданушылары Ерәлиеваның Болат Назарбаевпен байланысы туралы да пікір жазған. Олардың кейбірі бұл қарым-қатынасқа өкініш білдіріп, «Болатқа тоқал болмай-ақ қою керек еді», «Болаттың арқасында сұлу болды» деген ойларын ашық жеткізген.

Әлеуметтік желіде таралған әнші Мәдина Ерәлиеваның бұрынғы бейнежазбасы: ТикТок видео

Осы пікірдің төңірегінде Майра Ілиясова да марқұм әншінің Болат Назарбаевпен байланысын еске алғанын жазған едік. Әнші Майра Ілиясова тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында өмірден өткен Мәдина Ералиеваның жеке өміріне қатысты тың деректермен бөліскен. Оның айтуынша, олар жақсы араласқан, ал Мәдинаның Болат Назарбаевпен жақындығы жайлы да куә болған. Бұл туралы толық ақпарат мына сілтемеде.

Айта кетейік, Мәдина Ерәлиева – қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы, өз заманының сәнқой әрі дара дауысты әншісі ретінде ел жадында қалды.