2025 жылғы 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Осыған орай Ақорда баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Anyqtime.kz
15 мамырда жарияланған ресми ақпаратта: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты қандай да бір салтанатты шара өткізу жоспарланбаған. Президент бұл күнді атап өтпейді", – деп нақты көрсетілген.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген.
Мамыр айының 11 күні Аналар күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаев анасы туралы естелігімен бөліскен еді.