«Жұппыз»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановпен байланысы туралы шындықты айтты
Фото: Ашық дереккөзі

«Жұппыз»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановпен байланысы туралы шындықты айтты

Әнші Әйгерім Қалаубаева соңғы күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Anyqtime.kz ақпарат агенттігі.

Көпшілік оны әріптесі, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжановпен жиі байланыстырып, «екеуінің арасында бір сыр бар» деп жорамал жасаған еді. Осыған орай Қалаубаева Нұрлан Әлімжановпен бірге видео жариялап, тыңдарманына анық жауап ұсынды.

Видеоүндеуде Әйгерім Қалаубаева: «Өмір емес, өнер жолында танысқан, жұптармыз тек тойларда табысқан», – деп жазба қалдырды. Яғни олардың байланысы жеке өмірге емес, сахна мен мерекелік шаралардағы шығармашылық серіктестікке қатысты екенін меңзеді.

Бейнеролик жарияланған сәттен бастап әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бірі «екеуі сахнада да, өмірде де жарасымды жұп» деп қолдаса, енді бірі «тек шығармашылық серіктестер ғана» деген ойын ортаға салды.

Қалаубаева мен Әлімжанов бұған дейін бірнеше рет дуэт орындап, түрлі мәдени іс-шараларда қатар өнер көрсеткен. Сол себепті олардың атаулары жиі қатар аталып, жеке қарым-қатынастары жайлы әңгімелер де өршіп отырған.

Бұл жолы артистің өзі поэтикалық жолдармен нүкте қойып, жұрт арасындағы алып-қашпа сөздің мәнісін түсіндірді. Ал желідегі пікірталас өнердегі әріптестікті «жеке өмірмен» шатастырудың тағы бір мысалына айналды.

Айта кетейік, Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның қол ұстасып жүрген видеосы тарағаннан кейін желіде қызу талқыға түсіп, түрлі болжамдар айтылғанын жазған едік.