"Жаңа мазар табылды": Болат Назарбаев пен оның жұбайының бейітінен түсірілген видео қызу талқыланып жатыр
Әлеуметтік желіде Болат Назарбаев пен оның жұбайының бейіті орналасқан зираттан түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Бейнежазбада олардың қабірлерінің жанында жаңадан үйілген топырақпен жабылған бейіттің пайда болғаны көрінеді. Бұл туралы ozgeris.info хабарлаған болатын.
Видеоны түсірген адам үшінші мазардың нақты кімге тиесілі екенін айтпағанымен, желі қолданушылары бұл Сара Назарбаеваның бейіті болуы мүмкін деген болжам айтуда. Бұл күдіктің өршуіне 14 мамырда тараған, бірақ ресми түрде расталмаған Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат түрткі болды.
Сондай-ақ, 16 мамыр күні Нұр-Сұлтандағы Назарбаевтың резиденциясы маңында күзет шаралары күшейген еді. Бұл жағдай да түрлі қауесеттерге жол ашты.
Еске сала кетейік, Болат Назарбаев 2023 жылдың қарашасында қайтыс болған еді. Оның жарының да бейіті сол аумақта орналасқан. Енді олардың жанына жаңадан қазылған үшінші мазар көпшіліктің назарын аударуда.
Ал, әлеуметтік желідегі видеоны мына сілтемеден көре аласыздар: Болат Назарбаев пен оның жұбайының бейітінен түсірілген видео