"Үсік пен найзағай күтіледі": Қазақстанда 23 мамырда ауа райы күрт құбылады
Қазақстанда апта соңына қарай ауа райы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. «Қазгидромет» ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 23 мамыр жұма күні еліміздің бірнеше өңірінде күн райы қолайсыз болады — кей аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал солтүстікте үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Солтүстікте — түнгі үсік пен салқын ауа райы
Солтүстік Қазақстан облысында 22–24 мамыр аралығында ауа температурасы төмендеп, түнгі уақытта 0°C-қа дейін, кей жерлерде -6°C-қа дейін түсіп, үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа райы 10–18°C шамасында болады. Бұл жағдай әсіресе ауыл шаруашылығымен айналысатын өңір тұрғындары үшін ескерерлік жайт. Синоптиктер қатты жел мен найзағайдың болатынын да ескертеді.
Оңтүстік пен Батыста — найзағайлы жаңбыр, шаңды дауыл
Оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Шымкент қаласында күндіз +23°C болса, түнде +11°C. Алматыда найзағай болжанған, күндізгі температура +27°C, түнде +10°C. Батыс өңірлерде, соның ішінде Оралда күн бұлтты, нөсер жауын жауады. Мұнда ауа температурасы +16°C-тан аспайды.
Шығыста — ыстық әрі бұлтты күн
Өскемен қаласында 23 мамырда күн ашық болып, кейін бұлтты болуы мүмкін. Күндіз термометр бағаны +34°C-қа дейін көтеріледі. Бұл күннің күрт ысуына байланысты тұрғындарға күннен қорғану шараларын сақтауға кеңес беріледі.
Мамандар ескерту жасайды
«Қазгидромет» мамандары ел аумағында бірқатар ауа райы қауіптері бар екенін мәлімдеді. Атап айтқанда,Найзағай ойнауы; Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетуі; Кей өңірлерде бұршақ түсуі; Шаңды дауыл (Оңтүстік Қазақстанда); Таңғы уақыттарда тұман түсуі; Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуы мүмкін.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндер мен жол-көлік қатынасында жүргендерге барынша мұқият болу ескертіледі.
Оқи отырыңыз: "Күн бұзылса – баға бұзылады": Депутат такси тарифтерін реттеуді ұсынды