«Қазақ жастарына әлемдік жол ашылды: Майра Мұхамедқызы Сиань университетіне шақыруда»
Әлемге танымал опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы дарынды қазақ жастарына Қытайдағы беделді Сиань университетіне жол ашуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Todayinfo сайтына сілтеме жасап.
Жуырда осы оқу орнының профессоры атанған өнер саңлағы бұл бастаманы қазақ опера өнерін халықаралық деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадам деп санайды.
«Шымкент опера мен бірқатар театрлармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл — жақсы күндердің басы ғана. Шымкент операсын әлемдік деңгейге алып шықтым. Енді талантты жастар болса, Сиань университетіне оқуға түсуіне көмектесуге дайынмын», — деді Майра Мұхамедқызы.
Айта кетейік, ол – Париждегі әйгілі «Гранд Операда» Қазақстан атынан алғаш өнер көрсеткен және әзірге жалғыз опера әншісі. Сонымен қатар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған мәдениет қайраткері.