Ақнәр ісі: "Былықтың беті ашылды" - Руслан Өтепбай пәтерде болған қыздан сұхбат алды
Коллаж: Anyqtime.kz

Ақнәр ісі: "Былықтың беті ашылды" - Руслан Өтепбай пәтерде болған қыздан сұхбат алды

Марқұм Ақнәрдің өліміне байланысты көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап беретін сұхбат жарық көрді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

2024 жылдың 20 шілдесінде Ақнәрмен бір пітерде болған екі қыздың бірі журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берген. Оның айтуынша, оқиға куәгерінің әңгімесі арқылы бұрын белгісіз болған деректер белгілі болып отыр.

— Сол күні пәтерде Ақнәрмен бірге болған қыздардың бірінен сұхбат алдым. Журналистік зерттеу жүргізу барысында біраз жайттың беті ашылды. Тіпті бірнеше дәлел мен нақты дәйектерге қол жеткіздім. Бұл сұхбатты құқық қорғау органдары да көріп, аталған екі қызға қатысты тиісті шара қолданады деп үміттенемін, — деп жазды Өтепбай өзінің Instagram парақшасында.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Қоғам Ақнәрдің өліміне байланысты шындықтың ашылуын талап етуде.

🔗 Айта кетейік, бұл сұхбаттың толық нұсқасы мен видеосы жарияланды: «Намаз оқып, қайта боқтады»: Ақнәрдің құрбысы оқиғаның шындығын айтты (ВИДЕО)


Осы тақырыпқа байланысты барлық ақпараттар: Марқұм Ақнәр Гүлстанның өлімі, сот ісі жайлы ақпараттар