«Қайырымдылық емес, қорлау, мазақтау» – Ахметбек Нұрсила 100 пәтер сыйлаған Алагөзовке шүйлікті

28 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Коллаж Anyqtime.kz

Қоғам белсендісі әрі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила 100 отбасына үй сыйлаған бизнесмен Алагөзовтің әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсиланың айтуынша, тегін үй беру – қайырымдылық емес, масылдық психологияны қалыптастыру.

«Тегін беру – біреуді қорлау, мазақтау. Адамдарға жағдай жасап, өз еңбегімен табыс табуға мүмкіндік беру керек. Балық берме, қармақ бер!» – деді ол.

Ол өз пікірін АҚШ-тағы «Пруитт-Айгоу» әлеуметтік үй жобасының күйреуімен мысалдай отырып, масылдықтың қоғам үшін қауіпті бағыт екенін ескертті.

Сондай-ақ Нұрсила Алагөзовтің қайырымдылығын бұрынғы бизнесінен тапқан ақшаның «тазарту амалы» ретінде бағалады:

«Макси Чай мен сыра арқылы халықты улап тапқан табыстың 1%-ын сүйек лақтырғандай етіп таратты. Ал халық соған мәз», – деп жазды ол.

Ол әлеуметтік қолдаудың орнына еңбекке ынталандыратын жүйе құруды ұсынады және «Макси Чай» өнімдерінің зияны жайлы мамандар мен Жасанды Интелектен сұрауға кеңес берді.

Нұрсиланың бұл мәлімдемесі желі қолданушыларын екіге жарды: бірі – Алагөзовтің жомарттығын қолдаса, енді бірі – масылдық туралы ескертуді орынды деп тапты.


Еске сал кетейік, осыған дейін Тұрсын Алагөзов жұмысшыларына 100 пәтер сыйлағанын жазған едік

Тэгтер:

Тұрсын Алагөзов 100 пәтер Ахметбек Нұрсила Алагөзов