Гүл суарамын деп 90 мың теңге айыппұл алып қалмаңыз!
Фото: www.freepik.com

Гүл суарамын деп 90 мың теңге айыппұл алып қалмаңыз!

Жаз басталысымен Ақтөбе қаласында өсімдіктерді суаруға қатысты қатаң талаптар енгізілді. Тұрғындардың көгалдарға, гүлдер мен ағаштарға су құюы үшін арнайы уақыт кестесі мен техникалық талаптар сақталуы тиіс. Бұл ережелерді бұзған жағдайда, жеке тұлғаларға 88 мың теңгеден астам, ал заңды тұлғаларға 109 мың теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Суару тәртібі қандай?

"Ақтөбе су энерджи групп" компаниясының мәліметінше, қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету 5 жер асты су көзі мен 30-дан астам ұңғыма арқылы жүзеге асады. Жазда су тұтыну күрт өсетіндіктен, су тапшылығы қаупі туындайды. Сондықтан тұрғындарға ауыз су сапасындағы жерасты суларын тек ішу мен тұрмыстық қажеттілік үшін пайдалану міндеттеледі.

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 72-бабы, 13-тармағына сәйкес, мұндай су ресурстарын көгал немесе гүл суару сияқты техникалық мақсаттарға қолдануға тыйым салынады.

Суару тек мына уақытта ғана рұқсат етіледі:

🕛 Күніне – 23:00-ден 05:00-ке дейін
📆 Мерзімі – 5 мамырдан 31 тамызға дейін
📊 Міндетті түрде су есептегіш орнатылған жағдайда

Кестеден тыс уақытта немесе су есептегішсіз суарғандар айыппұл төлеуге немесе тіпті судан ажыратылуға тәуекел етеді. Қалада кешкісін мобильді бақылау топтары рейдке шығып, тәртіп бұзушыларды анықтап жүр.

Айыппұл мөлшері:
– Жеке тұлғалар үшін: 88 105 теңге
– Заңды тұлғалар үшін: 109 452 теңге

Аулада гүлді қалай дұрыс суаруға болады?
«Ақтөбе су энерджи групп» өкілі Жеңіс Камбаровтың айтуынша, көпқабатты үй ауласында келесі заңды шешімдер бар:

Ұңғыма қазу – техникалық су үшін жеке скважина орнатып пайдалануға болады.
Жертөлеге су есептегіш қою – КСК немесе басқарушы компаниямен келісіп, бекітілген кесте бойынша суару.
Тасымалданатын суды пайдалану – су жеткізушілермен жеке келісіп, гүл мен ағашты арнайы су тасушылар арқылы суару.

Ақтөбеліктерді гүл егудің ғана емес, оны дұрыс суарудың да тәртібі бар екенін ұмытпауға шақырамыз. Әйтпесе, бір шелек су – бір жазаға айналуы мүмкін.


Айта кетейік, гул суаруға болмайды екен деп жазғы уақытта бау-бақшаға көңіл бөлмей кетпеңіз! Егер сіз қызанақ көшетін қондыратын болсаңыз мына әдіс-тәсілді міндетті түрде біліп алыңыз:

🔗  Бақшаңыз қызанаққа толсын десеңіз, мынадай тыңайтқыш беріңіз.