«Шерзаттың ісі сізге аманат»: Мейірман Шекеев «соңғы парызын» орындады

Бүгін, 04:59 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Бейнежазбадан скриншот

Шерзат Болаттың ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев марқұмның зиратына барып, соңғы парызын өтеді. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, анасы мен апасын көруге болады. Заңгер марқұмның қабірі басында құран бағыштап, ата-анасымен бірге болған сәтін бөлісті.

— Соңғы парызым – Шерзаттың басына барып, құран бағыштау еді. Әкесін алғаш көргенде жанары сөнген, үміттен айырылған адамды көрдім. Ол кісі: “Аға, Шерзаттың ісі сізге аманат”, – деп ауыр жүкті мойныма жүктеді. Аллаға шүкір, елдің қолдауымен сол аманатты орындап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру - соның белгісі шығар, — деді адвокат.

Еске салайық, бірнеше айға созылған сот процесі 5 маусымда аяқталып, Шерзат Болаттың өліміне қатысты 9 адамға үкім шықты. Басты айыпталушы 23 жылға сотталды.

Тэгтер:

Шерзат Полат Шерзат ісі Адвокат Мейірман Шекеев