"Қазпоштаны" басқарған Әсел Жанасова Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: beta.egov.kz

"Қазпоштаны" басқарған Әсел Жанасова Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

Білімі мен қызмет жолы

Әсел Жұбанышқызы Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2010 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы арқылы Кембридж университетін, кейін аталған оқу орнының магистратурасын және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Executive Management бағдарламасын аяқтаған.

Кәсіби жолын Лондонда бастады. 2010–2014 жылдары Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар саласында түрлі қызметтер атқарды.

Кейінгі жылдары Ұлттық банкте, «Зерде» холдингінде, «Астана» Халықаралық қаржы орталығында, Сауда және интеграция министрлігінде, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры аясында әртүрлі жетекшілік қызметтерде болды.

2022 жылдың қазанынан бастап «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарды.
 


Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен генерал-полковник Жақсылықов қызметінен кетіп, орнына Қосанов тағайындалды