Иран да қарап қалмады: Израильге зымыранмен соққы жасап, әуе ұшағын атып түсірді
Иран қарулы күштері Израильге тиесілі F-35 жойғыш ұшағын атып түсіріп, оның ұшқышын тұтқындады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі editor.az сайтына сілтеме жасап.
Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, ұшқыш – әйел адам. Ұшақ Иран шекарасына жақын маңда атып түсірілген. Қазіргі уақытта оның қайда және қандай жағдайда ұсталып отырғаны жөнінде ресми ақпарат берілген жоқ.
Осы жағдаймен тұспа-тұс, Иран әскері Тель-Авивте орналасқан Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігіне зымыранмен соққы жасағанын да хабарлады. Соққы тікелей министрліктің орталық штабына бағытталған. Алайда әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы нақты мәлімет жоқ.
Израиль тарапы бұл оқиғаларға қатысты ресми пікір білдірмеді. Дегенмен, сарапшылар бұл шабуылдар Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің жаңа кезеңіне өтуіне түрткі болуы мүмкін екенін айтуда.
Айта кетейік, соңғы күндері Израиль мен Иран арасындағы қақтығыстар жиілеп, аймақтағы әскери-саяси тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұр.