Күн суытады: елімізде жаңбыр жауып, аптап ыстық қайтады– Қазгидромет
Қазақстанда аптап ыстықтан соң салқын әрі жаңбырлы күндер келе жатыр. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, 19–21 маусым аралығында еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағында белсенді циклондар мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен тұрақсыз ауа райы қалыптасады. Бұл жаңбыр мен найзағайдың қайталануына, кей жерлерде бұршақтың түсуіне ықпал етеді.
Қай өңірлерде жаңбыр жауады?
19–20 маусымда Батыс, Солтүстік және Солтүстік-Батыс аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі;
Жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін;
Елдің солтүстігі мен шығысында күндізгі аптап басылып, ауа температурасы +20…+28°C аралығында болады.
Үлкен қалаларда не күтіледі?
Астанада үш күн бойы жаңбыр жауады;
Алматыда 39 градус ыстықтан соң жауын-шашын болады;
Шымкентте күннің ыстығы 41 градусқа дейін сақталады.