Жауын-шашын мен бұршақ, қатты жел келе жатыр — ауа райы болжамы
фото:freepik.com

Жауын-шашын мен бұршақ, қатты жел келе жатыр — ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде 20 маусым, жұма күні ауа райы тұрақсыз болады. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сәйкес, найзағай, жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Температура барлық өңірде біршама төмендейді, деп хабарлайды Anyqtime.kz 

Астана: Күн бұлтты, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +23…+25°C.

Алматы: Жаңбыр мен найзағай болжанып отыр, желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы +23…+25°C, күндіз +28…+30°C.

Шымкент: Бұлт аралас, бірақ жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Температура түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Ақтау: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнгі ауа райы +18…+20°C, күндіз +26…+28°C.

Атырау: Найзағайлы жаңбыр, жел 9-14 м/с, екпіні 18 м/с. Температура түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

Ақтөбе: Бұлтты, найзағайлы жаңбыр. Жел 7-12 м/с, екпіні 20 м/с. Түнгі ауа температурасы +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.

Қарағанды, Жезқазған, Көкшетау, Костанай, Петропавл, Уральск, Усть-Каменогорск: Барлығында да жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Температура түнде +13…+18°C аралығында, күндіз +21…+30°C.

Конаев, Талдыкорған, Семеі, Павлодар: Ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жауынсыз. Бірақ жел екпіні артып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндізгі температура кей өңірлерде +35°C-қа дейін жетеді.

Түркістан, Тараз: Жылы әрі жауын-шашынсыз күн күтілуде. Ауа температурасы күндіз +33…+36°C.

Қызылорда: Найзағай мен жаңбыр. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз +29…+31°C.


20 маусым күні Қазақстанның көп бөлігінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Тек оңтүстік өңірлер мен кейбір шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз, бірақ ыстық ауа райы сақталады. Тұрғындарға ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.