Күшті жел мен найзағай, өрт қаупі де басым: Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болмақ — Қазгидромет
Фото: unn.ua/ru

Күшті жел мен найзағай, өрт қаупі де басым: Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болмақ — Қазгидромет

Қазгидромет 2025 жылдың 21 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің көптеген өңірінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Кей облыстарда аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Anyqtime.kz

Ұлытау облысында найзағай болжанып отыр. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі ықтимал. Батыс және орталық бөлігінде 35-37 градусқа дейін ыстық болады. Өрт қаупі жоғары деңгейде.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел күшейіп, кей аймақтарда екпіні 20 м/с-ке жетеді. Өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстанда найзағаймен қатар күн 36°С-қа дейін ысиды. Кей аудандарда өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді.

Маңғыстау облысында аптап ыстық күтіледі – 39°С. Солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары.

Астана қаласында найзағай мен бұршақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында найзағай күтіледі. Күндіз 35-37°С аралығындағы аптап ыстық сақталады.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел бағытын өзгертіп, екпіндей түспек.

Жетісу облысында күн қатты ысиды – 35-37°С. Алакөл жағалауында жел соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай болады. Жел күшейіп, шығыста өрт қаупі төтенше деңгейде.

Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ пен дауыл, найзағай күтіледі. Жел екпіні 20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысында 35°С ыстық сақталады.

Қызылорда облысында дауыл, найзағай, аптап ыстық (40-41°С) болжанады. Өрт қаупі өте жоғары.

Қостанай облысында найзағай мен бұршақ болжанып, дауыл болуы мүмкін. Өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысында найзағай, шөлді аудандарда 40°С ыстық күтіледі.

Шымкентте найзағай болады. Жел екпіні 20 м/с-ке жетеді.