Синоптиктер ауа райының күрт өзгеретінін ескертті
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Синоптиктер ауа райының күрт өзгеретінін ескертті

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы жексенбіге, 2025 жылдың 23 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым аумағында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы күшеймек. Соның салдарынан көптеген өңірде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.

Бұдан бөлек, республика көлемінде желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Ал Жетісу облысында күндіз 36 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Сондай-ақ Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да сынап бағаны 35 градусқа дейін көтерілмек.

Қызылорда облысында жексенбі күні 40 градусқа дейінгі қатты ыстық болады деп күтілуде.

Мамандар ауа райына байланысты ескертулерді қаперде ұстауға және қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырады.


Бейсенбі 26 маусымға арналған ауа райы: Сақ болыңыз! Синоптиктер қатты ыстық пен бұршақ болатынын ескертті