«Ол — рас»: Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты пікірлерге жауап берді
Фото: инстаграм moldir.mt

«Ол — рас»: Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты пікірлерге жауап берді

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі пікірлерге жауап бермегенімен ненің рас екенін айтты, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Соңғы уақытта Мөлдір мен Тұрсынбектің бірге ел алдына шықпауы желі қолданушыларының түрлі жорамал жасауына себеп болды. Пікір білдірушілер:

“Тұрсынбек екінші әйел алды”,

“Мөлдір неге үнемі жалғыз жүреді?”,

“Ажырасқан болуы мүмкін”,

“Мөлдір Тұрсынбектің арқасында шалқып жүр”, — деген сыңайда жазбалар қалдырған.

Бұл пікірлердің көпшілігіне Мөлдір Мұқанова жауап бермеген. Алайда «Әйел ашуланса, құлпырады» деген бір пікірге: «Ол — рас» деп қысқа қайырған.

Сонымен қатар, Мөлдір Мұқанованың жас орындаушымен бірге ән шырқағаны да қызу талқыға түсті. Арт-менеджер ретіндегі шығармашылық қадамдары нәтиже беріп, оның орындауындағы бірнеше ән хитке айнала бастады.