Путин Тоқаевқа "Кеңес Одағының Батыры" атағын табыстады
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның әкесі, жазушы және соғыс ардагері Кемел Тоқаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы марапаттау парағын салтанатты түрде табыстады. Бұл сәт видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Кемел Тоқаев – Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Ерлігі үшін» екі медалімен марапатталған. Соғыстан кейін Кемел Тоқаев шығармашылықпен айналысып, қазақ детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі атанды.
Марапаттау парағын тапсыру – Ресей тарапының Кемел Тоқаевтың майдандағы еңбегіне деген құрметінің белгісі.
Айта кетейік, Кемел Тоқаевқа қатысты бұрын-соңды жарияланбаған әскери құжат жарық көрді деп жариялаған едік.