Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды: синоптиктер дабыл қақты
Қазақстанда 25 маусым күні ауа райы айтарлықтай нашарлайды. "Қазгидромет" мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларында және 17 облыста дауылды ескерту жарияланды. Көптеген өңірде бір мезетте найзағай, бұршақ, дауыл жел мен аптап ыстық қатар күтілуде, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Қарағанды, Ұлытау, Абай, ШҚО – найзағай, бұршақ, екпінді жел (20 м/с дейін), дауыл күтіледі. Кей жерде қатты жаңбыр жауып, өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары – күндіз +41…+42°C дейінгі аптап ыстық. Жел екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары – найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және қатты жел болады.
Астана мен Алматы қалаларында да күн күркіреп, екпінді жел соғады. Астанада жел – 18 м/с, ал Алматыда күндізгі температура +36°C-қа жетеді.
Синоптиктер халықты ауа райына мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Ауыл шаруашылығы мен дала жұмыстарын уақытша тоқтата тұру ұсынылады. Сонымен қатар, отты абайсыз қолдану салдарынан өрт шығу қаупі өте жоғары.
26 маусымға арналған ауа райы: Сақ болыңыз! Синоптиктер қатты ыстық пен бұршақ болатынын ескертті